Бес реформа белестері. «Ашық үкіметті» енгізу

Осыдан 1 жыл бұрын «Ақпаратқа қолжетімділік туралы» заң қабылданды. Әрбір азамат тыйым салынбаған кез-келген мәліметті тез алуына мүмкіндік алды. Осы орайда еліміз мемлекеттік басқарудың тиімді жүйесін қалыптастырмақ. Соның негізгі тетіктерінің бірі ақпаратқа қолжетімділік, халыққа есеп беру және мейлінше ашық болу. Бұл мәселе де Ұлт жоспарында қамтылады. Толығырақ осы шығарылымда тарқатамыз.