Өнер қайраткерлері: Реформа – қайта жаңару мен жаңғырудың тың жолы

Реформа бұл қайта жаңару мен жаңғырудың тың жолы.

Билік тармақтары арасындағы өзара әрекеттесу Үкіметтің уәкілеттігін арттырып, Қазақстанды дамудың даңғыл жолына жетелейді. Бүгін «Астана Опера» театрында бас қосқан еліміздің өнер қайраткерлері жаңа жобаларды жан-жақты талқылау барысында осылай деп өз ойларын білдірді. Әлеуметтің әлеуетін көтеруге бағытталған бастама көптің көңілінен шығып отыр. Реформа жүйелі жүзеге асқанымен, Қазақстан Президенттік Республика болып қала бермек. Елімізде кезең-кезеңмен өткізілген конституциялық қайта құрулар мемлекеттік құрылымның тиімді дамуына демократиялық қағидаларға, сондай-ақ азаматтық қоғамның мүдделерін қамтамасыз етуге бағытталған. Шараға қатысушылар Елбасының биылғы Жолдауындағы жағымды тұстарға тәнті екендіктерін жеткізіп, өнер саласына жасалып отырған қамқорлық үшін алғыстарын білдірді.

Еркін Қасенов, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері:

- Қазақстан Республикасы Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың халыққа Жолдауы үлкен бір қайтадан халқымызды, мемлекетімізі ынталандырғандай болды. Бүгінде әлемде басқа болып жатқан басқа жағдайлармен салыстырмалы түрде қарасаңыз, тәубә деуге болады. Соғыс жоқ, қиыншылық жоқ, аштық жоқ. Осының бәрі тегін келген жоқ.

Сергей Матвеев, М.Горький атындағы мемлекеттік академиялық орыс драма театрының әртісі:

- Билік тармақтарын қайта бөлуде Парламент аясындағы өзгерістердің маңызы зор. Демек біз мемлекеттің өміріне одан бетер араласа түсеміз дегенді білдіреді. Парламент Мәжілісінің депутатын таңдай отыра, біз оған мұң-мұқтажымызды жеткізе аламыз. Яғни халыққа жақын бола түседі.