Brent маркалы мұнайдың бағасы 139 доллардан асты

Brent маркалы мұнайы 139 доллардан асты.

Bloomberg агенттігінің есебінше қара алтын 18 процентке қымбаттапты. Бірақ бұл 2008 жылғы көрсеткіштен аз. Ол кезде мұнай бағасы баррельіне 143 доллардан саудаланды. Айтпақшы, АҚШ пен Ресейдің қара алтынынан бас тартты. Бұны ақ үй басшысы Джо Байден мәлімдеді. Ресми Вашингтон кәрі құрлықтағы одақтарынсыз ресейлік мұнайға эмбарго енгізді. Енді сол тыйымның Қазақстанға әсері бола ма? Сарапшы пікірін тыңдайық.

Жәнібек Айғазин, экономист:

– Оның үстіне ең үлкен мәселе - мұнай эмбаргосына қатысты болып тұр. Егер Ресей мұнайына шектеу енгізілсе сәйкесінше біздің де қара алтынымызға қатысы болады. Себебі, бізде яғни Қазақстан мен Ресейде ортақ Каспий құбыр консорциуымы жұмыс істейді. Осы жүйе арқылы біздің мұнайымыздың 75 проценті кетіп отыр. Барлығы саясаткерлерге байланысты. Сосын санкцияны жақын арада алып тастамайды. Бұған біраз жыл керек. Нақты білмеймін. Ондаған жыл қажет сияқты.

РЕСЕЙ САЛЫНҒАН САНКЦИЯЛАР БОЙЫНША КӨШ БАСТАДЫ

Ресей санкцияның астында қалды. Бұл туралы Блумберг жазды. Мұндай шектеу бұған дейін Иранға да қолданылмаған. АҚШ Ресей мұнайынан түбегейлі бас тартпақ. Былтыр ғана Ресеймен ынтымақтастық орнатқан Боинг компаниясы да көрші елдің нарығынан кетті. Барлығы Ресейді қыспаққа алғанмен, санкция салып отырған елдерге де оңай тимесі анық. Мұның соңы әлем экономикасына салмақ салып тұр.

Агенттік дерегіне сүйенсек, көрші елдің 5530 нысаны санкцияға ілінген. Оның жартысынан көбінің қызметі 22-ақпаннан бастап шектелген. Дәл осы күннен бастап санкцияның басым бөлігі ресейлік жеке тұлғаларға салынды. Шектеу шараларына - 2 мың 4 жүз 27 адам ілінген. Ал 3 жүз 43 заңды тұлғаның, яғни компания немесе мемлекеттік мекеменің құзыреті қысқарды. Ресейге ең көп санкцияны Швейцария салыпты. 5 жүз 68 шектеу енгізген. Бұл тіпті бүтін Еуродақтың шектеу шарасынан көп. Ұйым Ресейге қарсы 518 санкция қабылдаған. Одан кейінгі орында Канада, Австралия және АҚШ бар. Айтпақшы, Ресейден кейін Иран жиі санкцияға ұшыраған екен. Бұл елге 3 мың 6 жүз 16 шектеу шарасы енгізілген. Одан кейін Сирия, Солтүстік Корея, Венесуэла, Мьянма және Куба тұр.

 

«BOEING» ТИТАН ТАСЫМАЛЫН ТОҚТАТТЫ

Boeing Ресейден титан тасуды тоқтатты. Әйгілі әуекомпанияда қажетті титан қоры артығымен жеткілікті екен. Яғни, алып өндіріс ошағы алдағы уақытта еш қиындықсыз әуе кемесін құрастыра алады. Қажетті құрал жабдықтармен алдын ала қамданған. Айта кету керек, ең ірі ұшақ құрастыратын алпауыттардың басым бөлігін, дәл осы ресейлік өндіріс ошағы,,, титанмен қамтамасыз етіп отырған. Былтыр қараша айында ғана Boeing пен титан зауыты меморандумға қол қойған еді. Маңызды құжатқа сәйкес, қос тарап бірлесіп сауда саттықтан бөлек, тасымал көлемін ұлғайтып, инновациялық технологияларды енгізуді жос-пар-ла-ған.