Ақтөбе облысындағы жасыл энергетикаға инвестиция бөлінді
Италиялық инвесторлар Ақтөбе облысының жасыл экономикасына 69 миллиард теңге бөлді.
Қазір аймақта елімізде баламасы жоқ жел электр станциясы жұмыс істеп тұр. 23 жел турбиналарынан тұратын нысанның жалпы қуаты 96 мегаватт. Жел турбогенераторлары жылына 200 гигаватт сағатқа дейін электр қуатын өндіреді.
Нұртуған Оралбаев, индустриялық-инновациялық даму басқармасы басшысының орынбасары:
- Жел турбиналары 37 мың үй-шаруашылығын электр қуатымен қамтамассыз етуге қауқарлы. Өндірілген энергияның барлығы энергетика туралы заңға сәйкес тасымалдаушы компанияларға беріледі. Одан әрі облыс тұрғындары мен өндіріс орындарына жеткізіледі.