Экономиканы жаңғырту мәселелері жөніндегі мемлекеттік комиссия отырысы өтті
«Қазақтелеком» акционерлік қоғамының мобильді операторларының бірі бәсекелестік ортаға берілуі мүмкін.
Мәселенің өзектілігі бүгін Әлихан Смайыловтың төрағалымен өткен Экономиканы жаңғырту мәселелері жөніндегі мемлекеттік комиссия отырысында талқыланды. Жиында Жекешелендірудің 2021-2025 жылдарға арналған кешенді жоспарын іске асыру, өнеркәсіпті, тау-кен металлургия кешенін және геологиялық барлауды дамыту жайы да қаралды. Ірі компания басшыларымен өткен талқылау қорытындысы бойынша Мемлекеттік комиссия бірқатар тиісті шешімдер қабылдады.