Мұнай өндірісі артады
Каспий құбыры консорциумы арқылы тасымалданатын қара алтын көлемі 72 млн тоннаға дейін артады.
Бұл ретте Транскаспий құбыры арқылы мұнайдың алғашқы жеткізілімдері жүргізіледі. Қазір бұл бағыт бойынша 2 жыл ішінде 3 млн тоннаға дейін өнім жіберу жоспарланып отыр. Сондай-ақ, Теңіз, Қарашығанақ және Қашаған кен орындарын кеңейтуге бағытталған ірі жобалар жүзеге асады. Шымкенттегі мұнай өндеу зауытының да әлеуеті 2 есеге көбейеді. Меже орындалса, елдегі мұнай-газ саласы дамып, энергетикалық инфрақұрылымды жаңғыртуға мүмкіндік тумақшы.