Елде 8600 электромобиль бар
Елде электромобиль көбейеді. Өйткені, сырттан әкелінген бұл көліктен баж салығы алынбайды.
Иә, Еуразиялық экономикалық комиссия кеңесі одақ аумағына электр көліктерін бажсыз өткізу мерзімін ұзартты.
Кейінгі жылдары электромобильдер саны 10 есе өскен. Бұл көрсеткіш те тағы еселене түседі.
Еуразиялық одақ аумағына электромобильдерді бажсыз өткізу мерзімі 2025 жылдың 31-ші желтоқсанына дейін ұзарды. Бұған Қазақстан бастамашылық еткен. Осылайша инфрақұрылымды дамытып, электромобильдер нарығын жетілдіру көзделеді. Жалпы еліміз ауаны таза ұстауға бейіл. Бұл үшін қоғамдық көлікті газға ауыстырып, электр карларды көбейту керек. Нәтижесінде бір жылда 10 қалада атмосфераның ластану индексі "жоғарыдан" "орташа" деңгейге дейін төмендейді. Мәжіліс экологиялық таза көлікті көбейту бойынша жаңа заңдар пакетін мақұлдап үлгерді. Бұл үшін инфрақұрылымды дамытып, электрмен жылдам қуаттағыш станцияларды көбейту маңызды. Сондай-ақ мұндай көліктерді елге әкелу шығындары нарыққа әсер етеді. Мамандар жеке сатушылар да, дилерлер де қытайлық электрокарлардың санын арттыруға мүдделі екенін айтты. Бұл өз кезегінде өзге өндірушілердің өніміне сұранысты арттыруы мүмкін. Қазір елде 8600 электромобиль бар.
Жалпы электрлі көліктерді көбейтуге көптен көңіл бөлініп жатқаны рас. Осыдан 3 жыл бұрын утильдік алым жойылды. Былтыр "ҚазАвтоЖол" ұлттық компаниясының онжылдық даму жоспарында "республикалық тас жолдар бойында электромобильдерді қуаттау станцияларының жүйесін дамыту" бағыты бекітілді. Оны мемлекет қаржыландырады. Сондай-ақ ірі қалаларда электромобильдер үшін тегін автотұрақтар қарастырылып жатыр.
Автопаркті жаңарту керек
Елде жаңа көліктерге сұраныс артады. Freedom Finance Global сарапшылары осылай болжайды. Құзырлы министрлік те автопаркті жаңартатын уақыт жеткенін мойындады. Бұл үшін Алматы, Қостанай өңірлерінде қуаттылығы жоғары зауыттар салынбақ. Алматының индустриялық аймағында да жылына 80 мың көлік шығаратын кәсіпорын құрылысы басталады. Инвестициялық жобаның жалпы құны 72 млрд теңге. Мамандар биыл темір тұлпар нарығы 10-15%-ға өседі деп отыр. Ал техникалық және экологиялық стандарттарға сай келмейтін көліктерді азайту үшін арнайы жоспар жасақталады. Еске салайын, былтыр 4,5 млн-нан аса жеңіл көлік сатылған. Оның 5 пайызы үш жылдан аспағандар. 10 жылдан асқандардың үлесі 70 пайызға жуықтады. Елдегі 3 млн көлік осы санатта. Жаңа техниканың көбі Атырау облысында тіркелген. Тізімді Астана мен Алматы облысы жалғайды.
Ұлттық статистика бюросы таратқан ақпаратқа сүйенсек, былтыр елімізде 5 млн 260 мың көлік тіркелген. Оның 88%-ы – жеңіл, 9,9%-ы – жүк көліктері, 2,1%-ы – автобустар.
Енді қазақстандықтар тізгіндеп жүрген көліктердің көбі қай мемлекеттерден жеткізілгенін білейік. Мемлекеттік кірістер комитеті хабарлағандай, былтыр 149 мың жеңіл көлік кедендік тіркеуден өткен. Оның жалпы құны 3 млрд долларға жуықтайды. Әсіресе, Қытайдан әкелінген көліктің үлесі басым - 46 мыңға жеткен. Грузиялық темір тұлпарды да көшеден жиі кездестіруге болады. Оның саны 40 мыңғы жуықтап қалған. БАӘ-нен 20 мыңнан аса көлік келіпті. Оңтүстік Корея мен Жапониядан 10-15 мың көлік әкелінген.
Айтпақшы,сөз басында таза экологиялық көліктерге үкіметтің кеңшілігін айттық. Яғни сырттан әкелінген электромобильдер үшін баж салығы алынбайды. Ендігі бір қызығы бұған дейін бізге таңсық болған электромобилдің де дәурені көпке ұзамайтын секілді. Өйткені сумен жүретін көліктер өндірісі көптеп қолға алынуы әбден мүмкін.
Сумен жүретін көлік пайда болды
Сұлтан Ыбырай, сарапшы:
- Бүгінгі күні байқағандай электромобильдердің проблемасы: Батареялары, жылдам қуаттанбауы, литийдің жетпеуі әлемде, натрий да көп таралған элемент. Өте қызық қозғалыстар бар технологияда. Бірақ тойотаның айтып отырған сумен жүру технологиясы электромобильдерден де мықты болады.
Сарапшының айтуынша бұрын сутегімен жүретін көлік бар еді. Енді кәдімгі ағып жатқан сумен жүреді. Енді мұндай өндіріс іске қосылса бензин, дизельді немесе тоқпен жүретін көліктердің қажеті болмайды. Мұның артында мұнай мен тоқ батареяларыңыздың да өндірісі азаяды. Жаңа заманның көлігі қоршаған ортаны ластамайды. Тіпті мұндай техникаға бір құйған суды қайта жаратуға болады.