Таиландпен арадағы тауар айналымы артты
Бүгін Ұлттық банк базалық мөлшерлемені 50 пунктіге төмендетті.
Осылайша, мөлшерлеме 14,75 пайыз деңгейінде орнады. Қаңтар айында жылдық инфляция 9 жарым пайызға дейін бәсеңдеген. Ал оның айлық мәні 0,8 пайыз мөлшерінде болды. Бұл біршама жоғары көрсеткіш саналады.
Жыл соңына дейінгі ұлттық банктің осындай межеге жетуді көздеп отырғаны рас. Бірақ ол үшін айлық инфляция 0,4 пайызға дейін түсу керек. Бұл қаржыгерлер осындай пікірді алға тартады. Дей тұрғанмен, базалық мөлшерлеменің түсімі ақша-несие саясатына оң ықпалын тигізуге тиіс. Оның ішінде ауыл шаруашылығын несиелендіру ұтымды болады деген пайым бар.
Таиланд қазақстандық ауыл шаруашылығына инвестиция құюға ынталы. Кеше салалық ведомство басшысы Айдарбек Сапаров тай елінің сыртқы істер министрі орынбасарымен жүздесіп, әріптестікті нығайтуды талқылады. Былтыр екі елдің тауар айналымы 367 млн долларға жетті. 36 пайыздық өсім бар екені айтылды. Тек агроөнеркәсіп саласында керісінде алыс-беріс кеміген. Ауыл шаруашылық өнімдерінің саудасы 10 млн 800 мың доллар шамасында болған. Бұл алдыңғы жылдан қарағанда 30 пайызға кем. Осы ретте қос тарап алыс-берісті арттыру ниетін білдірді. Әсіресе, халал стандартына сай келетін ет өнімдерін экспортын өсіру перспективасы талқыланды.
Қазақстандық ет өндірісі артты
Ірі және ұсақ мал етінің өндірісі / мың тонна
2019 ж. – 64,4 (-8%)
2020 ж. – 65,9 (1,9%)
2021 ж. – 65 (0,9 %)
2022 ж. – 72,9 (12,2 %)
2023 ж. – 80,2 (10,1 %)
Қаңтар 2023 ж. – 5,1
Қаңтар 2024 ж. – 7,1
Ет дегеннен шығады. Қазақстанда ет өндірісі артты. 2023 жылдың қорытындысы бойынша елімізде 80 мың тоннадан астам ірі және ұсақ малдың еті өндіріліпті. Ұлттық статистика бюросы ұсынған мәлімет бойынша, бұл алдыңғы жылғыдан қарағанда 10 пайызға көп. Жалпы, 2019 жылдан бері жақсы өсім байқалады. Он қарқын биылғы жылдың бірінші айында да сақталды. Қаңтарда қасапханалардан 7100 тонна ет алынды. 2023 жылғының сәйкес мерзімімен салыстырсақ өндірістің 39 пайызға артылғанын байқаймыз.
Жан басына шаққандағы ет тұтыну көрсеткіші ( 2023 жылдың қаңтар-қыркүйегі )
Сиыр еті
2022 ж/ ІІІ – 17,76 келі
2023 ж/ ІІІ – 18,33
Жылқы еті
2022 ж/ ІІІ – 4,8 келі
2023 ж/ ІІІ – 4,36 келі
Қой еті
2022 ж/ ІІІ – 4,02 келі
2023 ж/ ІІІ – 4,19 келі
Енді жан басына шаққандағы етті тұтыну көрсеткішіне үңілсек, қазақстандықтардың таңдауы сиыр етіне түсетінін көруге болады. Былтыр 9 айда орта есеппен 18 келіден келген еді. Бұл 2022 жылмен салыстырғанда 3 пайзыға көбірек, Екінші орында жылқы еті тұр. Жан басына шаққанда 5 келіге жуық ет желінген екен. Жылдық өсім 12 пайызға жуықтады. Ал қой етіне деген сұраныс сәл төмендеген көрінеді. Оның тұтыну көрсеткіші 4 келі шамасында ғана.
Құс етінің экспорты артты
Айта кетейік қазақстандық құс етінің экспорты үш есе артты. Былтырғы жылдың қорытындысы бойынша 14 мың тоннадан астам құс еті шетке саудаланды. Жалпы елімізде өндірілген жұмыртқаның 26,5 пайызы экпортқа жөнелген. Өнім негізінен көрші Қырғызстан, Ресейге, сондай-ақ Тәжікстан мен Ауғанстанға сатылды. Құс өсірушілер одағы басшысының пікірінше, құс етімен қатар, жұмыртқаның да экспортын арттыруға болар еді, елімізде жұмыртқа өндіретін 34 фабрика бар. «Алайда барлығы бірдей жұмыс істеп тұрған жоқ», - дейді Руслан Шәріпов.
Жұмыртқа өндірісі қаржыға мұқтаж
Цитата: Руслан Шәріпов «Қазақстанның құс өсірушілер одағы» ЗТБ президенті:
- Маңғыстау, Қызылорда, Шығыс Қазақстан және Ұлытау облыстарында жұмыртқа фабрикалары жоқ. Алтауының жұмысы тоқтап тұр. Осы алты құс шаруашылығының миллиард жұмыртқа өндіретіндей қуаты бар. Бірақ айналымда қаржысы болмаған соң жұмыс істемей тұр. Сондықтан кәсіпкерлер несие арқылы қаржыландыруға мұқтаж. Өйткені қазір Ресей бізден жұмыртқа сұрап отыр. Қырғызстан, Тәжікстан мен Ауғанстаннан да сұраныс бар. Енді осы фабрикалардың бәрін іске қосса, экпортты артыруға болар еді.
Ауыл шаруашылығы министрлігі бұған дейін төрт облыста инвестициялық жобалардың іске қосылатынын хабарлаған еді. Сөйтіп жылына 802 млн дана жұмыртқа өндіру көзделіп отыр. Мемлекеттік қолдау қажет-ақ. Бірақ сарапшылар онысы нарықтың қағидаттарына қайшы келмеу керектігін еске салады.
Қолдау нарық заңына қайшы келмеуге тиіс
Санжар Қалдаров, Halyk Finance талдау орталығының бас сарапшысы:
- Мемлекет 2010 жылдан бері, яғни әлемдік дағдарыстан соң бүкіл қаржыландыруды бюджеттің тарапынан ауылшаруашылығы өндірушілеріне таратқан болатын. Алайда соңғы 10 жылда ауыл шаруашылығының тиімділігі артты деуге болмайды. Еңбек өнімділігі жөнінен ауыл шаруашылығы экономикадағы ең төмен сала болып табылады. Қазақстанның ауыл шаруашылығының әлеуеті зор. Сондықтан біздің аналитикалық орталықтың ойынша жаңа үкімет келсе, ауыл шаруашылығының басты мақсаттарының бірі - қаржыландыруды инфрақұрылымға құюы тиіс деп есептейміз.
Ия, мемлекеттің ауылдарды электр қуатымен қамту, жолдар мен қойма салу секілді инфрақұрылымға қаржы құюы – халықаралық тәжірибе. Сөз басында айтылғандай, базалық мөлшерлеме 14,75 пайызға дейін төмендеді. Демек алдағы уақытта, бизнеске бөлінер несиенің пайыздық мөлшерлемесі де қысқарады. Құс шаруашылығы үшін оңтайлы сәт сияқты.