Жол құрылысына инвестиция 64%-ға өсті
Биыл 9,5 мың шақырым жолда құрылыс жұмыстары жүргізіледі.
Оның 5 мың шақырымынан астамы республикалық маңызы бар учаскілер. Жол сапасын реттеу үшін салаға жыл сайын қыруар қаржы құйылады. Бір жылда жол жөндеу жұмыстарына қанша инвестиция құйылды? Қазақстанда жол құрылысына инвестициялар 64%-ға өсті.
Былтыр салаға 47 млрд теңгеден астам қаржы құйылған. Жолдар мен автомагистральдарды салуды қаржыландыру 2,5 есе өсті деп хабарлайды finprom.kz. Сектордағы инвестициялардың басым бөлігі Абай облысына тиесілі: 17,4 млрд теңге. Бір жыл бұрынғыға қарағанда бірден 53,4%-ға артық. Екінші орынла Астана. Одан кейін Алматы орналасқан. Бір жылда 359 шақырымға жуық республикалық маңызы бар жол пайдалануға берілді. Ал биыл бюджеттен бөлінген ақшаны негізінен құрылысы ұзаққа созылған жолдарды аяқтауға бағыттау жоспарлануда.
Жол құрылысына ең көп инвестиция тартқан
Абай облысы 17,4 млрд теңге
Астана 13,1 млрд теңге
Алматы 3,5 млрд теңге
Автожолдарды салу және реконструкциялау
Бүгінде еліміздегі республикалық маңызы бар автожолдардың шамамен 2 мың шақырымының сапасы төмен. Бұл туралы сала мамандары мәлілімдеді. Әсіресе, Ақтөбе, Батыс Қазақстан облыстары, сондай-ақ Ұлытау және Жетісу облыстарындағы жолдарға халықтың көңілі толмайды. Автомобиль жолдарының 92% жақсы және қанағаттанарлық жағдайдайда деп бағаланағн. Олардың жалпы ұзындығы 22 мың шақырымнан асады.
Мақсат Баяхмет, ҚР Көлік министрлігінің автомобиль жолдары комитеті төрағасының орынбасары:
- Егер республикалық жолдар туралы айтатын болсақ, тексеру қорытындысы бойынша көктемде 2 мың шақырым жолдың сапасы нашарлауы мүмкін. Бұл учаскелерде бізде жөндеу мерзімі 2-3 рет өтіп кетті. Басқа жобалар бойынша, ұзындығы 3,1 мың шақырым жолға реконструкция жасалады. Атырау-Астрахань, Талдықорған-Өскемен жолдарын биыл аяқтау жоспарлануда.
Жылдық инфляция баяулады
Ақпанда жылдық инфляция баяулап, 9,3%-ды құрады. Қаңтарда 9,5% болған. Бұл Ұлттық статистика бюросының ақпандағы есебі. Бір жылда бірқатар тауар мен қызмет бағасы өзгерді. Ұшақ билеті арзандап, такси ақысы өсті. Атап айтқанда, таксимен жол жүру 11,7%, қалалық автобус құны 9,3%, теміржол қызметі 8,7% қымбаттады. Әуе көлігімен жүру 4% арзандады. Ал бір айда ақылы қызметтер 1,7%, азық-түлік тауарлары – 0,8%, азық-түлік емес тауарларға баға 0,7% өсті.
Билет бағасы
Такси қызметі 11,7% қымбаттады
Қалалық автобус 9,3% қымбаттады
Теміржол көлігі 8,7% қымбаттады
Ұшақ билеттері 4% арзандады
Қолма-қол ақшаға сұраныс артты
Қалма-қол ақшаға сұраныс артты. Елде аумағында 1,8 трлн теңге қолма-қол ақша берілген, өсім 18%. Бұл көп жылдан бері болған алғашқы өсім. Сарапшылар бұл банк аударымдарына бақылау енгізумен байланысты дейді. Бұған мына сандар дәлел. Биыл қаңтарда банктердің ішкі қаржы аударымдары 30%-ке қысқарған. Адамдар банк карталарынан қолма-қол ақшаны жиі шешім алағаны сонша, Ұлттық банк кейбір кассаларда қағаз валюта үлсін арттыруға мәжбүр болды. ranking.kz сараптама агенттігінің дерегіне сай, 2024 жылғы қаңтарда банк карталарынан Алматыда 534,9 млрд теңге, Астанада 189,5 млрд теңге және Шымкентте 147,2 млрд теңге қолма қол ақша алынған. Ұлытау, Солтүстік Қазақстан және Алматы облыстарында көрсеткіш төмен.
Қолма-қол ақша көп алынған өңірлер 2024 қаңтар
Алматыда 534,9 млрд теңге
Астанада 189,5 млрд теңге
Шымкентте 147,2 млрд теңге
Қарағанды 100,4 млрд теңге
Қазақстанда 12 мыңнан астам банкомат бар. Соның ішінде қолма-қол ақшаны қабылдау және беру функциясы бар банкоматтар басым. Олардың саны бір жылда 7 мыңнан 7700 дейін өсті. Тек қолма-қол ақшаны беретін банкоматтар саны 5 мыңға дейін азайды.