Ауыл шаруашылығы кәсіпорындарына жеңілдетілген несие беру басталды
Биыл елде дәнді дақыл өсіруге басымдық берілмек, деп хабарлайды 24KZ. Әртараптандыру бағдарламасы 1 млн гектарға жуық алқапты қамтиды. Осылайша тиімділігі жоғары дақылдардың аумағы 750 мың гектарға артады. Оның ішінде майлы дақылдар 365 мың гектарға, арпа 114 мың гектарға өседі. Қарақұмық мен картоп алаңы да ұлғаяды. Сондай-ақ осы жылдан бастап шаруаларға көктемгі егіс жұмыстарына жеңілдетілген несие беріледі. Ауыл шаруашылығын мемлекеттік қолдау тетіктерінде тағы қандай өзгерістер бар?
Қызылорданың болашағы ауыл шаруашылығында. 10 жылдан астам осы салада жүрген Сағидолла Сыздықов осылай дейді. Шаруа күріш өсіреді. Көпжылдық дақылды егіп, күту – үлкен еңбек. Нарықта бәсекеге қабілетті болу үшін сапалы өнім шығару керек. «Бұл ретте мемелкеттік қолдаудың да орны бөлек», – дейді шаруа.
Сағидолла Сыздықов, Қызылорда облысындағы күріш шаруашылығының басшысы:
- Күріш шаруашылығында алдын ала болжам жасау қиын. Біз тіпті 3 жылға жоспарлай алмаймыз. Бірақ ең басты артықшылығы – мемлекететтік қолдау. Бізде су үнемдеу технологиялары мен тыңайтқыштар субсидияланады. Бірақ егін су мен тыңайтқыштардың бағасы жыл сайын қымбаттап жатыр. Атап өту керек, Қазақстанда тыңайтқыштар немесе ауыл шаурашығылы техникасын шығаратын үлкен зауыттар жоқ. Сондықтан отандық өнімнің бағасы Ресей мен Беларусьтың ауыл шаурашылығы өнімдеріне қарағанда әлдеқайда қымбат. Өткен жылмен салыстырғанда отандық күріштің бағасы 30%-ке төмендеді. Шикізатқа кеслек, біз жылына 450 мың тонна күріш өндіреміз, ал дайын өнім бойынша тоннаны құрайды. Оның 60%-і экспортталады.
Экономикалық өсуді қамтамасыз етуде аграрлық сектордың орны ерекше. Үкіменттің кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысы осылай деді. Экспортқа шығатын және нарықта сұранысқа ие дақылдардың алқаптарын кеңейтуге басымдық беру қажеттігін де атап өтті.
Олжас Бектенов, ҚР Премьер-министрі:
- Ауыл шаруашылығы министрлігі жеңілдетілген несиені тиімділігі мен жауапкершілігі жоғары диқандарды қолдауға ғана беруі керек. Бөлінген қаражаттың дұрыс жұмсалуы әкімдіктердің тұрақты бақылауында болуға тиіс. Егіншілерді сапалы және тексеруден өткен тұқым қорымен қамтамасыз ету маңызды. Ол үшін бірінші кезекте отандық өндірушілерді ынталандыру қажет.
«Биыл егіншілік саласын қаржыландыру көлемі 700 млрд теңгеге дейін ұлғайтылды. Лизингке жұмсалатын қаражат 200 млрд теңгеге жеткізілді. Бұл ауыл шаруашылығы техникасын жаңартуға серпін береді», – деді Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров. Ал көктемгі дала жұмыстарына жеңілдікпен 400 мың тоннадан астам дизель отыны бөлінді. Бұдан бөлек, осы жылдан бастап қаржыландыру тетіктері де біршама өзгерді.
Сәуле Молдабаева, ҚР АШМ Стратегиялық жоспарлау және талдау департаменті директорының орынбасары:
- Шаураларға пайыздық мөлшерлемені субсидиялаудан тікелей жеңілдетілген несие беруге көшу – маңызды міндет. Бұл субсидия мүлдем болмайды деген сөз емес. Иә, біз биылдан бастап көктемгі егіс жұмыстарына берілетін несиенің пайыздық мөлшерлемесін субсидиялаудан бас тарттық. Өйткені биыл бұл бағытта жеңілдетілген несие беруге 700 млрд теңге бөлінеді. Бұл бұрын-соңды болмаған сома. 2023 жылмен салыстырғанда 4 есе көп. Осы қаражат шаураларға тікелей 5%-пен беріледі. Бұл жемқорлықты және бюрократиялық кедергілерді төмендетеді.
«Осының арқасында шаруалар бұрынғыдай несиенің пайыздық мөлшерлемесін субсидиялауға өтініш беріп, мемлекеттен қаржы күтіп отырмайды. Керісінше, төмендетілген пайызбен бірден несие ала алады», – деді ведомство өкілі. Бірақ министрлік жеңілдетілген несие беруге біртіндеп өтіп жатыр. Сондықтан басқа бағыттар бойынша субсидиялау әлі де бар. Тек талап күшейді.
Сәуле Молдабаева, ҚР АШМ Стратегиялық жоспарлау және талдау департаменті директорының орынбасары:
- Биыл 1 қаңтардан бастап біз ауыл шаурашылығының жалпы өнім көлемі бойынша қарсы міндеттемелер енгіздік. Демек шаруа өнідіріс көлемін төмендетпей, керісінше ұлғайту керек. Егер шаруа екі жыл қатарынан аз өнім өндірсе, оған субсидия берілмейді. Бірақ құрғақшылық, су тасқыны сынды климаттық жағдайлар ескеріледі. Осындай форс-мажорлық жадайлардан көп өнім жинай алмаса, анықтама әкелуі тиіс. Онда субсидиялауды жалғастырамыз.
Ал 2029 жылдан бастап дайын өнімді субсидиялаудан бас тартып, жеңілдетілген несиелендіруге көшу жоспарланған. Оған дейін жол картасы аясында қазіргі жүйлердің тиімділігі талданады. Осылайша ауыл шаруашылығы министрлігі шаруаларға субсидия мен несие беруді оңтайландырады.
Авторлары: Ғазиза Мұхамеджанова, Гүлнар Тұрсын.