Келіссөз. Балаңызды мектепке қалай киіндіресіз?

ҚР Білім және ғылым министрлігінің мектеп формасына қатысты қойған талаптары қандай? Ондағы діни атрибутиканың қолданылмауы шектеу ме, әлде жоқ па?

Бүгінгі қоғам өскелең ұрпақты қалай тәрбиелеп отыр? Көпшілікті не алаңдатады? Бағдарлама қонақтары ҚР Дін істер комитеті Дін мәселелерін зерттеу және талдау орталығының директоры Айнұр Әбдірәсілқызы және ҚР БҒМ Мектепке дейінгі және орта білім ақпараттық технологиялар департаментінің бас сарапшысы Қалкен Жахинмен осы мектеп формасына қатысты тақырыпты кеңірек талқыламақпыз.