Келіссөз. Астана төңірегіндегі азық-түлік белдеуі

dr.ck.ua

Жылдан-жылға көбейіп отырған елордалықтардың азық-түлік қажеттілігі 500 мың тоннадан асады дейді мамандар. Демек Астанадай алып нарықты сапалы азық-түлікпен қамтып, тарықтырмау мәселесі өте өзекті.

Бұл ретте осыдан бірнеше жыл бұрын Астана төңірегінде азық-түлік белдеуін құру бағдарламасы жүзеге асырылған еді. Сол жұмыстың нәтижесі қандай? Сұраныс қаншалықты қанағаттандырылып отыр?  Елорданың сауда үйлері азық-түлікті қайдан алып саудалайды? Оның ішінде отандық өнімнің үлесі қанша?

Бағдарлама қонақтары Астана қаласы Ауыл шаруашылығы басқармасы азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету бөлімінің бас маманы Мерей Тілеубаев және Қазақстанның сауда кәсіпорындары қауымдастығының вице-президенті Қайырлы Таукенмен осы тақырыпты талқыға саламыз.