Келіссөз. Мемлекеттік рәміздер мәселесі

Ту, Әнұран, Елтаңба – Тәуелсіздігіміздің айғағы. Егемендік алған 25 жыл ішінде көк туымыз талай халықаралық ареналарда жеңіс тұғырынан көрінген жерлестеріміздің жетістігінің нышанына айналды.

Осы уақыт аралығында алдыңғы буын мен өсіп келе жатқан ұрпақтың Мемлекеттік рәміздерге деген көзқарасы мен құрметі қалай қалыптасты? Елтаңбамызға 2014 жылы жаңа стандарт енгізілгені белгілі. Аталмыш жаңашылдық қай уақыттан бастап қолданысқа кіреді?

Бағдарлама қонақтары ҚР ИДМ Техникалық реттеу және метрология комитеті департаментінің бөлім басшысы Ақмарал Қабылова және Қазақ гуманитарлық заң университетінің Мемлекеттік-құқықтық пәндер кафедрасының аға оқытушысы Айдархан Тұрғанұлымен осы тақырыпты талқыламақпыз.