Келіссөз. Кедергісіз орта қалыптастыру

www.pactoglobal.cl

Мүмкіндігі шектеулі жандар үшін діттеген жерге кедергісіз жету мүмкін бе?

Бүгінде елімізде 627 мың мүмкіндігі шектеулі азамат бар. Соның 47 мыңы I-топтағы мүгедектер. Сондықтан нысандар құрылысын мүгедектердің қажеттілігін есепке ала отырып жобалау нормасы 2005 жылы бекітілді.

Жалпы мүмкіндігі шектеулі жандарға жасалып отырған қазіргі әлеуметтік қамқорлық қандай? Күнделікті тұрмыста олар үшін қандай кедергілер бар? Бағдарлама қонақтары «Ел көмек» көмек қайырымдылық қорының директоры Алмас Ержан және «ЭКОР» кешенді орта қалыптастыру орталығының жетекшісі Жадырасын Сәдуақасовпен осы тақырыпты талқыға саламыз.