Қазақстан мұнай өндірісін 86 млн тоннаға дейін ұлғайтуы мүмкін – Министр

ОПЕК+ келісімі шеңберінде Қазақстанда мұнай өндіру көлемі жылына 86 млн тоннаға дейін ұлғаюы мүмкін. Бұл туралы Энергетика министрі Нұрлан Ноғаев хабарлады.

Оның айтуынша, қара алтын нарығында мұнай мен мұнай өнімдеріне сұраныс артып жатыр. Мәселен, фьючерс құнына көз жүгіртсек, Brent маркасының бағасы баррелі үшін 67 доллардан асты. Ал WTI (ДаблЮТиАй) құны 64 доллар. Алайда альянсқа мүше мемлекеттер сәуір айында болатын өндіріс көлемін өзгеріссіз қалдыру туралы шешті. Қызығы сол, Қазақстан мен Ресей үшін өзгешелеу шарттар қарастырылған. ОПЕК+ рұқсатымен еліміз тәулігіне 20 мың баррель қара алтын өндіре алады. Ресейдегі маусымдық сұранысты ескерсек, ондағы көрсеткіш тәулігіне 130 мың баррельді құрамақ.