Солтүстік Қазақстан облысында жұмыртқа негізсіз қымбаттаған

Еліміздің солтүстігінде жұмыртқа негізсіз қымбаттаған. Мұндай заң бұзушылықты бәсекелестікті қорғау және дамыту департаментінің мамандары арнайы тексеріс барысында анықтады.

Өңірде бірнеше құс фабрикасы өз өнімдерін нарықтағы бағадан 30 процентке дейін көтеріп, сатып келген. Нарықты зерттеп, талдау жүргізген сарапшылар енді бұл кәсіпкерлік субъектілеріне тексеру жүргізеді. 

Гүлнәр Жаншина, CҚО бойынша бәсекелестікті қорғау және дамыту департаменті басшысының орынбасары:

- Жыл басында монополияға қарсы заңнаманы бұзған 4 кәсіпкерлік нысан анықталып, оларға ескерту жасалған еді. Алайда оның екеуінде олқылық қайталанып отыр. Сондықтан бірден тергеу басталды. Мұның үстіне олар заңды бірнеше рет бұзған. Тергеу жұмыстары үш айға созылады. Ал нақты шешімді алдағы уақытта сот қабылдайды.