Майнинг саласы мемлекет қазынасына 5 миллиард теңге әкелуі мүмкін

Майнинг саласы мемлекет қазынасына 5 миллиард теңге әкелуі мүмкін

Майнинг саласы мемлекет қазынасына 5 миллиард теңге әкелуі мүмкін. Бұл болжам майнингтік компаниялар сағатына 1 килловатт электр энергиясы үшін 1 теңгеден төлесе орындалады. Ол үшін тиісті заң жобасы келер жылы бірінші қаңтардан бастап күшіне енуі тиіс. Бұл туралы Kazakhstan Blockchain Day форумында Мәжіліс депутаты Сапар Ахметов хабарлады. Бүгінде майнинг жаңа бағыт болғандықтан салада қанша қаржы айналымда жүргенін айту қиын. Нақты статистика жоқ. Бірақ мамандардың пайымдауынша, елімізде майнингке шамамен 80 миллиард теңге инвестиция құйылған.

Сапар Ахметов, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

- Біз қаржы саласында заңға өзгерістер енгізіп, майнинг компаниялардың 1 Кв/сағат үшін 1 теңге төлеуін өткіздік. Бұл өте керек заң. Өйткені бұл Заң Қазақстанды дүние жүзіндегі осындай майнингтерге салық салатын ең бірінші мемлекет деп көрсетті. 

Майнерлер қайтып барады  

Блокчейн технологияларды дамытуға қызығушылық артуда. Астана халықаралық қаржы орталығы блокчейн бағытында алғашқы лицензиялар мен қорлар пайда болды. Бұл осы бағытта инфрақұрылымның дамып, жаңа стартаптарды бастауға жол ашады. Қазір ел аумағында майнерлер өте көп. Бұл туралы осы елордада өткен форумда криптовалютаға инвестициялауға мүмкіндік беретін компания өкілі Рустем Нурбаев хабарлады. Сәйкесінше электр қуатының тарифтері мен салық өсіп жатыр. Бұдан бөлек электр энергиясының тапшылығы байқалады. Сондықтан майнерлер қуат көзі қолжетімді мемлекеттерге ақырындап кетіп жатыр, деді Рустем Нурбаев.