«Самұрық-Қазына» қорын реформалау әлі де өзекті – Үкімет

«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорындағы мемлекеттік сатып алуға жауапты 55 адам қызметінен босатылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл туралы қор жетекшісі Алмасадам Сатқалиев Үкімет отырысында мәлімдеді. Алайда Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бұл шешімге қанағаттанған жоқ. Ол алдағы 10 күнде қорды реформалау мәселесіне қайта оралатынын ескертті. Мемлекет басшысы түрлі мемлекеттік сатып алуларда сол баяғы компаниялардың бағы жанып отыруы қисынға келмейді деді. Олар өз кезегінде бар шаруаны субмердігерге міндеттеп отырғаны белгілі.