Үкіметте дағдарысқа қарсы іс-қимыл жоспары әзірленді

Үкіметте дағдарысқа қарсы іс-қимыл жоспары әзірленді

Үкімет Ұлттық банкпен бірлесіп, дағдарысқа қарсы іс-қимыл жоспарын әзірледі.

Жоспар Украинадағы оқиғалардың Қазақстанға тигізер әлеуметтік-экономикалық салдарына төтеп беруге бағытталған. Қаржы нарығының тұрақтылығын және теңгедегі депозиттердің тартымдылығын қамту қарастырылады. Яғни, халықтың депозиттері бойынша сыйақыны бюджет есебінен есептеуді көздейтін теңгедегі салымдарды қорғау бағдарламасы іске асырылмақ. 

Сондай-ақ ауыл шаруашылығы кооперациялары мен отбасылық шаруашылықтарды дамыту үшін тиісті жағдай жасалмақ. Аграрлық саланы қолдау мақсатында бюджеттен 200 млрд теңгеге дейінгі қаражат бөлінеді. Бұдан бөлек, бизнеске түсетін артық әкімшілік жүктемені жою көзделген. Жыл соңына дейін басым салаларда мемлекеттік органдардың 420-дан астам реттеу актісі қайта қаралады.

Үкімет Ұлттық Банк және «Атамекен» палатасымен бірлесіп инфляцияны бақылау және төмендету бойынша кешенді шараларды іске асырмақ.