Елде қант тапшылығы жоқ – Сауда министрлігі

Кеше Ауыл шаруашылығы министрлігі және Сауда және интеграция министрлігі елде қант тапшылығы жоқ екенін хабарлаған.

«Сауда желілері мен тұрақтандыру қорларындағы қант қоры кемі үш айға жетеді. Сонымен қатар қант өндірісі жалғасып жатыр, ол тоқтамайды. Қор толтырылып отырады. Яғни «үш айдан кейін қор таусылады, қант тапшылығы болады» деген ақпарат шындыққа жанаспайды» делінген хабарламада.