Заңсыз шығарылған капитал 100 млрд доллардан асуы мүмкін

Қазақстан аумағынан заңсыз шығарылған капитал 100 млрд доллардан асуы мүмкін.

Қазір кезінде елімізден жылыстап кеткен қаражатты Қазақстанға қайтару тетіктері қарастырылып жатыр. Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров осылай деді.

Айтуынша, бұған қатысты бірқатар жаңа тәсіл бар. Салықтық және салықтық емес ынталандыру шаралары қаралған. Салықтық ынталандыру бойынша жұмыс белсенді жүріп жатыр.

Әлібек Қуантыров, ҚР Ұлттық экономика министрі:

- Шетелге заңсыз шығарылған капиталдың сомасы туралы нақты айту қиын. Бірақ бұл жерде бірнеше ондаған миллиард доллар жайында сөз болып отыр. Бірақ шамамен 100 млрд доллардан сәл көп болатын шығар.  Ал оның бәрі қалай қайтарылатынына келсек, мұнда түрлі механизм бар. Бұл бағытта капиталды қайтаруға ынталандыру шаралары әлі пысықталып жатыр.