Елімізде екінші ерікті ұлттық шолу әзірленіп жатыр

Елімізде екінші ерікті ұлттық шолу әзірленіп жатыр

Экономикалық зерттеулер институты мен БҰҰ-ның даму бағдарламасы ұсынған жобада 2030 жылға дейінгі күн тәртібінің жаһандық мақсаттары мен міндеттері көрсетілген, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл жолғы талқылауға қарапайым азаматтар да белсенді қатысты. Олар өз өңірі үшін маңызды түйткілдерді ашық жеткізуге тырысты. Соның негізінде сапалы білім беру, гендерлік теңдік, теңіз экожүйелерін сақтау, кедейшілік сынды 17 тұрақты даму мақсаты түзілді. Оның әрқайсысы 169 міндетке бөлінген. Премьер-министрдің бірінші орынбасары басқарып отырған Тұрақты даму жөніндегі үйлестіру кеңесі жұмыс істейді. Ол ТМД аумағындағы адамдар, жер, өркендеу, серіктестік және бейбітшілік бағыттарын жүзеге асырады.

Әлихан Абақанов, Экономикалық зерттеулер институты АҚ басқарма төрағасының орынбасары:

- 2019 жылы біз бірінші ұлттық шолуымызды көрсеттік. Ол халықаралық елдердің қызығушылығын тудырды. 2022 жылы біз екінші ұлттық шолуымызды көрсетуге ниет білдірдік. Ерікті ұлттық шолудың өзін жасау түпкі мақсат емес. Тұрақты даму мақсаттарын жасау, соған жету үшін қандай жетістіктеріміз бар, қандай кемшіліктеріміз бар, қандай мүмкіндіктеріміз бар, соны анықтау оның негізгі мақсаты болып табылады.