Орталық Азия елдерінің өзара саудасы жеңілдейді

Орталық Азия елдерінің өзара саудасы жеңілдейді

Қазақстанның Орталық Азия елдерімен былтырғы сауда-саттық көлемі 2020 жылмен салыстырғанда 33 процентке өскен.

Еуропалық Одақпен қаржыландырылатын Ready4Trade жобасы арқылы сауда рәсімдері әлдеқайда жеңілдей түспек. Бұл туралы "ҚазТрейд" Акционерлік қоғамы бас директорының орынбасары Нұрлан Құлбатыров айтты. Қазақстанның, Қырғыз Республикасының, Тәжікстан мен Өзбекстанның негізгі стейкхолдерлері өңірішілік және халықаралық сауданы тереңдете отырып, ортақ проблемаларды талқылады. Спикерлердің айтуынша, басты кедергілер тауар тасымалдауға және оларды сертификаттауға қатысты болып отыр.

Нұрлан Құлбатыров, "QAZTRADE" АҚ Бас директорының орынбасары:

- Негізі бұл жобаның басты мақсаты Орталық Азия елдеріндегі өзара сауданы дамыту. Біз өзіміз білеміз. Орталық Азия елдерінің кейбірі Дүниежүзілік сауда ұйымының мүшесі емес. Кейбір елдер Еуразиялық экономикалық одаққа мүше. Әр елдің сауда саясаты әрқилы жүргізілуде. Осыған байланысты ең басты мақсат Орталық Азия елдері арасындағы сауданы ілгерілету және дамыту.