Қазақстан мен Ресей арасындағы сауда айналымы рекордтық деңгейге жетті

Былтырғы көрсеткіш осындай.  25 млрд доллардың өнімі сатылған. Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов қарым-қатынастың нығая түсетінін атап өтті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Елде жалпы құны 2,6 млрд доллар болатын 8 ірі жоба жүзеге асты. Металлургия, машина құрастыру, химиялық өндіріс бағытында тағы 11 жоба әзірленіп жатыр. Бақыт Сұлтанов Еуразиялық экономикалық одақ аясындағы қос мемлекеттің ортақ жобалары жемісін береріне сенімді.

Бақыт Сұлтанов, ҚР Премьер-Министрінің орынбасары, Сауда және интеграция министрі:

- Былтырғы жылы қарқынның өскенін көріп отырмыз сауда-саттықтың. 29 процентке өсіп, 24 млдр-тан, 25 млрд долларға дейін жақындап келе жатыр. Жақсы айтып кететін жайт, бұл екі жақты тауар айналымда шикізат емес тауарлардың экспорт көлемі ұлғайып келе жатқанын айтып кету керек.

ТАСЫМАЛ КЕДЕРГІЛЕРІ ҚАЛАЙ ШЕШІЛЕДІ?

Келешекте Еуразиялық экономикалық одақ кеңеюі мүмкін. Ресей Премьер-министрінің орынбасары Алексей ОверчУк осылай деді. Ол ертеңгі Елордада өтетін Еуразиялық экономикалық комиссия кеңесінің отырысына қатыспақ. Шара қарсаңында ұйымдастырылған конференцияда мейман,,, Ресейге салынған санкциялардың кесірін тізіп берді. Ең алдымен, Еуропамен тасымал кедергілері алқымнан алып тұр. Алексей Оверчук мәселені шешу үшін «Солтүстік-Оңтүстік» жобасы қолға алынатынын атап өтті.

Алексей Оверчук, РФ Премьер-Министрінің орынбасары:

- Біз жаңа логистикалық байланыстарды құру бойынша жұмыс істеп жатырмыз. Параллель импортты да іске қостық. Осы ретте «Солтүстік-Оңтүстік» халықаралық көлік дәлізінің маңызы зор. Қазақстанмен ынтымақтастықты нығайту үшін де жобаның берері көп деп ойлаймыз.