Ұлттық қор негізсіз шығындалып жатыр – Н.Годунова

Inbusiness.kz

Ұлттық қордан бюджетке алынатын қаражат мұнай секторынан түсетін қор кірістерінен аспау керек. Енді кепілдендірілген трансферт мөлшері контрциклдік бюджет қағидаларына сай белгіленеді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл өз кезегінде активтерді көбірек жинауға мүмкіндік береді. Парламент аралық отырыста Премьер-министрдің орынбасары, қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев осылай деді. Ал есеп комитетінің жетекшісі Наталья Годунова былтыр түсімдердің 4,3 трлн теңге болғанына қарамастан, Ұлттық қордан 4 жарым трлн теңге жұмсалғанын сынға алды. Ол қор қаражатын негізсіз пайдалану пандемияға дейін де байқалғанын айтады. Ал Ерұлан Жамаубаев алдыңғы жылмен салыстырғанда Ұлттық қорға мұнай секторынан түскен тікелей салық түсімдері 1,8 есе өскенін мәлімдеді.