Кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жобаға 284 мың адам қатысты

Кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жобаға 284 мың адам қатысты

Оның 233 мыңнан астамы екі қолға бір күрек тапты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ал 131 мыңнан аса адам тұрақты жұмысқа орналасты. Кәсіп ашып, нәсіп табамын деген бір жарым миллион адам мемлекеттік грант алды. Әлеуметтік жұмыспен – 12 мыңнан аса, ал жастар практикасымен – 9 мың 700, және қоғамдық жұмыспен – 78 мыңға жуық адам қамтылды.

Ұлттық жоба игілігі:

Қатысты – 284 000 адам

Жұмысқа орналасты – 233 000 адам

Тұрақты жұмыс тапты – 131 000 адам

Мемлекеттік грант алды – 1 500 000 адам

Әлеуметтік жұмыс – 12 100 адам

Жастар практикасы – 9 700 адам

Қоғамдық жұмыс – 77 700 адам.