Еліміз Халықаралық валюта қорымен ынтымақты нығайтады

Еліміз Халықаралық валюта қорымен ынтымақты нығайтады

Елде жүргізіліп жатқан реформаларды халықаралық валюта қоры қолдайды және жоғары бағалайды.

Премьер-министр Әлихан Смайыловпен кездесу барысында қордың Қазақстан бойынша миссиясының басшысы Николя Бланше осылай деді. Тараптар Қазақстанда инфляцины тежеу, әкімшілендіру, бюджеттік жоспарлаудың тиімділігін арттыру, жұмыспен қамту, цифрландыру және мемлекеттің экономикадағы үлесін төмендету мәселелерін талқылады. Сонымен қатар елдің 2060 жылға дейін көміртегі бейтараптығына қол жеткізу жөніндегі бастамалары, инвестициялар тарту,  сыртқы экономикалық сын-қатерлер және өңірлік күн тәртібіндегі басқа да өзекті мәселелер сөз болды. Әлихан Смайылов халықаралық валюта қорымен өзара іс-қимылды жалғастыруға дайын екенін жеткізді.