Ұлытау облысында индустриалды аймақ құрылады
Бұл облыс орталығы Жезқазған қаласының іргесіне орналасады.
Қазір 700 гектар аумақ белгіленіп, кәсіпкерлер тарапынан өтініштерді қабылдау жүріп жатыр. Сол өтініштердің көлеміне қарай ол жерге инженерлік инфрақұрылым жүргізіледі. Кәсібін дөңгелетемін деген инвесторларға мемлекет тарапынан көптеген жеңілдік қарастырылған. Қазірдің өзінде 3 ірі жоба бойынша өтініш түскен. Оларға 60 гектар жер телімі белгіленіп отыр.
Жасұлан Байзақов, "ҰЛЫТАУ" ӘКК Басқарма төрағасы:
- Су, тоқ, жылу, темір жолын, көлік жолын бәрін мемлекет тарапынан тегін тартып береміз. Бұл кәсіпкерлерге үлкен жеңілдік. Одан әрі кәсіпкерлер сол жерлерді кадастрлық бағасымен 25 жылдың ішінде сатып ала алады. Тағы да олар ол жерде жер салығынан босатылады.