«Самұрық-Қазынаға» қарасты қор қайырымдылықпен айналысты

Былтыр «Самұрық-Қазынаға» қарасты қор қайырымдылыққа 10 млрд теңге бөлді.

Қомақты қаражаттың есебінен 43 әлеуметтік жоба жүзеге асып, 500 мың адам көмек алды. Басымдық балаларға және денсаулық сақтау саласына берілді. Сондай-ақ, өңір тұрғындарына қызмет көрсететін түрлі орталықтар да салынды. Әлеуметтік жобаларды қолдау биыл да жалғасады. Сол үшін бүгін елордада Үкіметтік емес ұйымдардың қатысуымен панельдік сесия өтті. Отырыста спикерлер ұйым өкілдеріне қаржылай қолдау табудың жолдарын айтты. Жиынға қордан көмек алған жандар да қатысты.

Альфия Адиева, "Самұрық-Қазына" корпоративтік қорының бас директоры:

- Әрбір ҮЕҰ-ға біздің қордың қаржылық қолдауы қандай жобаларға, қандай бағытта және қандай салада оны беру механизмдерін түсіндіріп өттік. Ашық диалог болды. Және біздің қормен Қазақстан бойынша қолдау тапқан жобалардың көрмесін өткізіп отырмыз. Жылы өзіміздің бюджетіміздің 70 пайызын еншілес компаниялар орналасқан өңірлерге жұмсауға басымдық береміз деп жоспарлап отырмыз.

Одан бөлек жақын арада «Самұрық-Қазына» таза табысының 7 пайызын «Қазақстан халқына» әлеуметтік қорына аударатынын мәлімдеді. Бұл шамамен 130 миллиард теңге. Осылайша қордың қайырымдылыққа жұмсайтын қаржы көлемі 13 есеге артады.