Талдықорғанда фермерлер өзекті мәселені көтерді
Бірыңғай салық жүйесін қайтару керек.
Талдықорғанда өткен облыстық фермерлер қауымдастығының жиынында шаруалар осылай деді. Олар салық төлеудің жаңа жүйесін түсінбей жатқанын жеке есепшінің жоқтығынан қиындыққа тап болғандарын айтады. Сонымен бірге техникаға қол жеткізу мен несие алу үшін сұралатын құжаттарды азайтуды сұрайды. Дихандар дәнді және майлы дақылды халықаралық нарықтағы бағамен сататындай жүйе қалыптастыру керектігін де жеткізді. Ал қызылша егетіндер зауыттан төленетін қаржыны тоннасына 15 мың теңгеден 25 мың теңгеге көтерсе шаруалар жаппай тәтті түбір егетін еді деп өз ұсыныс айтты. Жалпы Жетісу облысында 21200-ден астам қожалық бар. Бұл елдегі шаруалардың 9,4 пайызы.
Жигули Дайрабаев, "Ауыл" ХДПП Төрағасының орынбасары:
- Кемшіліктерге қатысты өзіміздің жоспар жасаймыз. Жоғары деңгейде атқарушы билікпен шамамыз келгенше жоғарғы атқарушы билікпен қоян қолтық араласып жұмыс жасап шешуге болады. Сондықтан мен ойлаймын мынау ауыл шаруашылығына ауылдың инфроструктурасын жақсартуға бар күш салу керек. Ауыл оңалмай, мемлекетте азық-түлік қауіпсіздігін өз деңгейінде шешпей мемлекеттің жағдайы ешқашан жақсармайды.