Елімізде бюджеттің әлеуметтік шығындары өсті
Елімізде мемлекеттік бюджет шығыны 13%-ке, ал әлеуметтік көмек пен әлеуметтік қамсыздандыру шығыны 10%-ке өсті, деп хабарлайды «Хабар 24».
Өткен жылдың қаңтар-қыркүйек айларында бюджеттің әлеуметтік шығындары 3,3 трлн теңгеге жеткен. Бұл 2021 жылға қарағанда 10,2%-ке артық. Саладағы ең көп шығындардың жылдық өсімі Маңғыстау облысында, ең көп қысқару Шымкентте байқалды.
Әр жылдары өсім немесе төмендеу көрсеткіші әр түрлі болған. Мәселен, 2015 жылы 11,1%-ке, 2016 жылы 14,2%-ке, 2017 жылы 14,8%-ке, 2018 жылы 19,6%-ке және 2019 жылы 26,6%-ке өскен. Ал 2020 жылы 9,4%-ке, 2021 жылы 7,1%-ке төмендеп, 2022 жылы 10,2%-ке қайта өсім алған.