Бір миллионнан аса адам өзін өзі банкрот деп жариялауы мүмкін

Елде 1 миллионнан аса адам өзін өзі банкрот деп жариялауы мүмкін.

Олардың 95 пайызы бұл рәсімді соттан тыс онлайн жүзеге асыра алады. Дегенмен, банкроттық, қарызды кешіретін акция емес. Елордада мыңға жуық тұрғын қатысқан семинарда Қаржы вице-министрі Ержан Бір-жанов осылай деді. Жиында  жалған құжат тапсырып, өзін қолдан банкрот жасауға талпынған азаматтар, жауапқа тартылатыны айтылды. Иә, жаңа заңның айналасында, алып-қашпа әңгіме өріп жүр. Мұны алаяқтар, өз пайдасына асырып жатқан сыңайлы. Себебі әлеуметтік желіде қарыз көлемінің бір бөлігін ұстатсаң, банкрот болуға көмектесемін деген жарнамалар қаптап кетті. Вице-министр мұндай хабарлама таратқандарға да шара қолданылады деді.

Ержан Біржанов, ҚР Қаржы вице-министрі:

- Қазір айлакерлер пайда болды. Желілерді 10 пайызын берсеңіз банкрот деп танимын деген. Ондай хабарламаларға жүгіну керек емес. Біріншіден алданып қалады, қаражатынан айырылады. Үшіншіден салдары болады. Барлық тәсілдер, тегін түрде өткізіледі.