Шетелдік көліктерді заңдастыру кезіндегі алым 200 мың теңгеден аспайды
Шетелдік көліктерді заңдастыру кезінде кедендік алым мен алғашқы тіркеу 200 мың теңгеден аспайды.
Осы тұста Ішкі істер министрлігі шетелдік автомобильдерді тіркеудің тетігін айқындап берді. Айта кетейік, көлікті заңдастыру 23-ші қаңтардан басталады. Шетелдік темір тұлпарларды тақымдаған азаматтар мамандандырылған халыққа қызмет көрсету ортылығына жүгінуі тиіс. Немесе «Электрондық үкімет» порталы арқылы өтініш жазуы қажет. Тексеруден сәтті өткен жағдайда өтініш берушінің ұялы телефонына хабарлама жіберіледі. Көлік иесі алғашқы тіркеу үшін 200 000 теңге, техпаспорт үшін 4 мың 313 теңге төлеп, сондай-ақ 9 мың 660 теңгеге мемлекеттік нөмір алады. Және құжаттардың түпнұсқаларын АвтоЦОН қызметкеріне тапсырады. Еске салайық, автокөлікті заңдастыру үшін ең алдымен өтініш жазу қажет. Кейін жеке басын куәландыратын құжат, көліктің паспорты мен көлік құралына меншік құқығын растайтын құжатты тапсыру керек.