Қазақстанның Саха республикасымен сауда қатынастары дамиды
Қазақстан Саха республикасымен сауда қатынастарын одан әрі тереңдетуге мүдделі. Бұл туралы Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Саха Республикасының басшысы Айсен Николаевпен кездесу барысында айтты.
Сондай-ақ, ел өңірлері мен Якутия арасындағы ғылыми және мәдени-гуманитарлық, цифрландыру салаларындағы өзара тиімді кооперацияларды дамытудың перспективалары талқыланды. Мемлекет басшысы белсенді өңіраралық ынтымақтастық өзара сауда көрсеткіштеріне оң ықпал еткенін алға тартты. Сонымен қатар қос тарапты тарихи және мәдени-гуманитарлық қарым-қатынастар байланыстыратын атап өтіп, ынтымақтастықты кеңейтуге ерекше назар аударатынын айтты. Өз кезегінде Айсен Николаев Саха елі Қазақстан компанияларымен өнеркәсіп өнімдері, минералды ресурстар және зергерлік бұйымдар салаларында сауда-саттық жасауға дайын екенін жеткізді. Сонымен қатар Якутия цифрлық технология, креативті индустрия мен кинематография бағытында да байланыс жасауға ниетті.