Қазақстан мен Саха республикасы арасындағы тауар айналымы артады
Қазақстан мен Саха республикасы арасындағы тауар айналым он есе артып, 80 млн долларға жетті.
Бұл өткен жылдың қаңтар-қараша айларындағы көрсеткіш. Елдер арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықты нығайту шаралары жалғасады. Бұл туралы ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов Якутия басшысымен кездесу кезінде талқылады. Сондай-ақ, басқосуда инвестициялар тарту және мәдени-гуманитарлық саладағы өзара іс-қимыл мәселелері сөз болды. Өз кезегінде Айсен Николаев цифрлық технологиялар саласында, сондай-ақ экономиканың түрлі бағыттарында жаңа инвестициялық жобаларды іске асырудың мүмкіндігі жоғары екенін жеткізді.