Ауыл шаруашылығы саласында 1700 инвестжоба жүзеге асырылады
2030 жылға дейін ауыл шаруашылығы саласында 1700 жаңа инвестициялық жоба жүзеге асырылады.
Бұл еліміздің экспорттық әлеуетін едәуір арттырады. Бүгін Үкімет басшысы Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен кеңесте Агроөнеркәсіптік кешенді дамытудың тұжырымдамасы талқыланды. Құжатта ауыл шаруашылығының негізгі капиталына тартылған инвестиция көлемін орта есеппен 2,5 есе арттыру жоспарланған. Әрі саладағы еңбек өнімділігін 2 есеге, ауыл шаруашылығы өнімдерінің экспортын 3 есеге ұлғайту көзделіп отыр. Сонымен қатар жеңілдетілген лизинг пен басқа да мемлекеттік қолдау шараларының көмегімен ауыл шаруашылығы техникасы да біршама жаңартылмақ.