Былтыр ҚТЖ тәуелсіздік жылдарындағы ең үлкен көрсеткішке жетті
Былтыр «Қазақстан темір жолы» акционерлік қоғамының жүк тасымалдау көлемі 5,4 пайызға артып, 252 миллиард тонна-шақырымға дейін жетті.
Бұл тәуелсіздік жылдарындағы ең үлкен көрсеткіш. Арнамызға сұхбат берген ұлттық компания төрағасы Нұрлан Сауранбаев саланы серпілту үшін алдағы үш жылда қосымша 1285 шақырым темір жол салынатынын айтты. Жаңа транзиттік бағыттар экспорт көлемін арттыруға мүмкіндік береді. Сондай-ақ құрылыста қолданылатын өнімнің 85 пайызы Қазақстанда өндіріледі.
Нұрлан Сауранбаев, "Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ Басқарма төрағасы:
- Осы жобаға президент Ұлттық қордан ақшаны бөліп отыр. Сонда біз есептегенде 20 жылдың ішінде біз сол 543 млрд теңгені проценттермен қайтарамыз. Ол бәрі Ұлттық қорға қайтады. содан кейін 4 трлннан аса ақша бюджетке салық ретінде кіріс болады. Оның ішінде 102 млрды құрылыс кезінде қайтарылып келеді.
Алдағы жылдары жолаушылар тасымалын дамытуға да басымдық беріледі. Қазір ұлттық компанияда 2200 вагон бар. Болашақта вагон өндірісін арттырып, жолдары жөндеу көзделеген. Қолға алынған шаралар теміржол қызметіндегі түйткілді мәселелерді шешуге септігін тигізеді.
Нұрлан Сауранбаев, "Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ Басқарма төрағасы:
- Әр жылда біз 1 мың кмдей жөндейміз жолды. Оның ішінде 500 км күрделі ремонт. Бірақ керекгі 800 км керек. Ал бізге тарифті салғаны тек 500 кмге. Қазір біз үкіметке заявка бердік. 800 кмге тарифті өзгертсін деп. Өйткені бізге 800 км керек, біз 500 км тарифте бар. Сонда әр жылда оның несі көбейіп бара жатыр. Қазіргі күрделі ремонтқа керек жолдың км 2500.