«Tayyab» алғашқы исламдық қаржы қызметі 100.000 карта шығарды
Tayyab алғашқы цифрлық исламдық қаржы қызметі 100 мыңыншы картаның шығарылғанын хабарлады. Оның иегері қызметтің клиенті – Астана қаласынан Нурбек Алимжанов болды, ол компаниядан ақшалай сыйлықты қызметтің Инстаграм парақшасында тікелей эфирінде алды.
"Мен бұған дейін қосымшаны қолдандым, бірақ картаны жаңа дизайн – Альхамдулиллях каллиграфиясы шыққаннан кейін шығардым": - деді жеңімпаз.
Tayyab тез танымал болып келеді және қосымшаны пайдаланушылар саны 130 000-нан асады.
Сервис өз клиенттеріне VISA халықаралық төлем жүйесі негізінде бірегей цифрлық және физикалық исламдық төлем карталарын, ақша аударымдары мен төлемдерді, соның ішінде Apple Pay, Samsung Pay, Google Pay және Tayyab қосымшасы арқылы мұсылмандардың күнделікті рухани практикасы қызметтерін ұсынады. Ақшаны төрт валютада сақтауға болады: қазақстандық теңге, АҚШ доллары, еуро, Ресей рублі. Ақшаны әлемдегі кез-келген банкоматтан қолма-қол алуға болады.
Tayyab қосымшасын жүктеп алып, 3 минут ішінде картаны тегін шығаруға болады, ал қосымша ақпаратты мына жерден алуға болады www.tayyab.kz
Исламдық қаржы қағидаттарына сәйкестікті Shariyah Review Bureau Халықаралық шариғат кеңесі (Сауд Арабиясы), сондай-ақ Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы растады.
Сондай-ақ, Tayyab исламдық финтех-сервисі 2022 жылдың желтоқсанында жақын арада іске қосуды жоспарлап отырған автокөліктерге алғашқы халал-бөліп төлеуді* жариялады.
Қызметті «Bank RBK» АҚ ұсынады, лицензия №1.2.100/245/41, 05.04.2021 ж. ҚНРДА берілген.
*Бұл өнімді ЖШС «Тайаб стор» компаниясы ұсынады (БСН 220940004595, орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, Алматы қ., Жаркент көшесі, 3 үй).