Қазақ-қырғыз сауда-саттығының көлемі әрдайым артып келеді
2024 жылға қарай Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы өзара тауар айналымы 2 миллиард долларға жетуі мүмкін.
Сауда-саттықтың көлемі жыл өткен сайын көбейіп келеді. Кейінгі он бес жылда Қазақстан бауырлас елдің экономикасына 1 млрд доллардан астам тікелей инвестиция құйды. Экономикалық ықпалдастықты одан әрі өркендетуге уағдаласқан қос елдің қарым-қатынасы жайлы тілшіміз баяндайды.
Тәуелсіздік алғалы Қазақстан мен Қырғызстан мемлекет, үкімет және ведомствоаралық 160-тан астам келісім-шартқа ол қойды. Ең негізгілері - 1997 жылы бекітілген Мәңгілік достық және 2003 жылдың 25 желтоқсанындағы Одақтастық туралы келісімдер. Қос ел Біріккен Ұлттар Ұйымы, Шанхай ынтымақтастығы ұйымы, Еуропадағы Қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы сияқты халықаралық бірлестіктерде қатар келе жатыр. Аймақтық байланысты нығайту және тауар айналымын ұлғайту Қазақстан Сенатының Төрағасы Мәулен Әшімбаев сапарының басты нысаны болды.
Мәулен Әшімбаев, ҚР Парламенті Сенатының Төрағасы:
- В мае минувшего года президент Республики Казахстан Касым-Жомарт Токаев совершил официальный визит в Кыргызстан во время которого было достигнуто много соглашений, но прежде всего речь шла об экономике. Все соглашения, которые были достигнуты во время переговоров двух государств сейчас исполняются соответствующими структурами для того, чтобы укрепить наш двусторонний экономический потенциал.
Ортақ сауда-саттық еуразиялық интеграцияға дейін де басты назарда болатын. Өйткені алыс-беріс жағрафиялық жағынан ежелден тиімді. Тек сауда-саттық ауқымы біртіндеп кеңейді. Қазір тауар айналымы 1 миллиард долларға жетті. Енді бұл көрсеткішті одан сайын көбейту міндеті тұр. Тіпті жаңа жетістіктердің мақсаты мен мерзімі де белгілі.
Нұрланбек Шәкиев ҚР Жогорку Кенеш төрағасы:
- 2024 жылға қарай біздің республикалардың арасындағы тауар айналымы 2 миллиард долларға жетуі мүмкін. Бұған бізде барлық алғышарт бар. Екіжақты экономикалық комиссияның кезекті отырысы көп мәселеге оң бастама берді. Өнеркәсіп пен ауылшаруашылығы саласындағы жұмысқа баға беріліп, әлеуеті айқындалды.
Сенат Төрағасы Мәулен Әшімбаевтың осы жолғы сапары парламентаралық байланысты нығайтуға арналды. Бұл бағыт экономика, ғылым-білім, мәдениет және спорт салаларын қамтиды.
Бакыт Чермашев