Жекешелендіретін активтерге аудит жүргізіледі
Әлихан Смайылов экономиканы демонополизациялау жөніндегі комиссияның кезекті отырысын өткізді. Жиынға қатысушылар көлік, мұнай өңдеу және ақпараттық коммуникация салаларындағы кейбір активтерді мемлекет меншігіне қайтару мәселелерін талқылады.
Әлихан Смайылов қаралып отырған активтерге қатысты тексеруді жалғастырып, сондай-ақ олардың кейбіреуін жекеменшікке берудің заңдылығына аудит жүргізуді тапсырды. Бұдан басқа, мұнай өңдеу кәсіпорындарына сервистік қызметтер көрсететін доминант компаниялардың тарифтерін реттеу мәселесі сөз болды.