Балқашта күріш егу азайып барады
Балқаш атырабындағы күріш алқаптары азайып барады.
Басты себеп су тапшылығы мен топырақтың тұздануы» дейді ғалымдар. Бұрын ауданда күріш дақылы 16 мың гектарға егілетін. Қазіргі уақытта күріш егістігі жеті мың гектарға жетпейді. Былтыр әр гектардан орта есеппен 43 центнерден өнім жиналды. Ауданда күріш өнімділігін арттыруға енді еліміздегі егіншілік және өсімдіктану ғылыми-зерттеу институттарының ғалымдары атсалысады. Мамандар алдымен жылда егілетін тұқымдарды жаңалап, күріш алқаптарын әртараптандыруды ұсынды. Тыңайтқыштар мен өсімдікті зиянкестерден қорғайтын химиялық элементтерді нормаға сәйкес қолдану мәселесін көтерді. Биыл бір шаруашылық базасында күріштің жаңа түрігі егіледі. Тәжірибе сәтті болса дақыл,.. аудандағы өзге шаруа қожалықтарына берілмек. Десек те ең бастысы Іле өзеніндегі су деңгейі қалыпты болуы керек дейді» мамандар.
Ғалымбек Әбдіқұлов, ауылшаруашылық-өндірістік кооперативінің директоры:
- Суармалы жер бұрынғыдан 30% азайып қалды ғой егістік көлемі. Су болмаса жерден тұз шығып кетеді. Сондықтан барлық егін шаруашылығын тоқтатуға болмайды. Іледе су болса өнім де болады.
Самат Жүмәділ, Алматы облыстық ауылшаруашылық басқармасының бөлім басшысы:
- Жоғарығы өнімге жету үшін ол топырақтың жағдайын жақсарту. Топырақ қазір тұзданып жатыр деп ғалымдар тұжырымдамасын айтып жатыр. Ол жердегі элементтердің өсімдікке қажетті формадан ауысып жатқанын айтып жатыр. Біз осы мәселемен күресу үшін біз топырақ анализін, топырақ картасын жасау. Сол жерде топырақ жағдайын білу жоспарланып отыр.