Алтынды сыртқа сатудан түсетін табыс көбейді
Елімізде алтын экспортынан түскен пайда артты. Бұл туралы Finprom сараптамалық платформасы хабарлайды.
2018 жылғы көрсеткішпен салыстырғанда экспорт көлемі 16,6% -ке өскен. Ал одан түскен ақшалай кіріс соңғы бес жылда 7 есе ұлғайды. Былтыр қаңтар мен қарашада бағалы металдың 4 мың 200 тоннасы сатылған. 2021 жылдың 10 айында дәл осынша алтын сыртқа саудаланған еді. Алайда алдыңғы жылмен салыстырғанда былтырғы кіріс 88 процентке өсіп, 67 млн АҚШ долларына жуықтаған.
Әлемдегі алтын бағасы
Алтын экспортынан түскен пайданың өсуіне әлем нарығындағы қалыптасқан жағдай себеп. Халықаралық World Gold Council (Уорлд Голд Коунсил) ұйымының мәліметі бойынша, 2022 жылы әлемде алтынға деген инвестициялық сұраныс артқан. Бұл өсім бағаға әсер етпей қомайды. Мәселен, 2023 жылдың қаңтар айында алтынның бір унциясына ұсынылған баға 1 мың 920 АҚШ долларына жетті. Былтырмен салыстырғанда бұл 7,3 процентке артық.