Павлодардағы жәрмеңкеде баға қолжетімді болды
Павлодарлықтар жәрмеңкеге асығады.
Мұнда жылқы еті 2-2 жарым мың теңгеден, сиырдыкі мың 900 теңгеден басталады. Өңделмеген күнбағыс майы 700-800, сүттің литрі 190 теңге. Құс еті, балық, бал мен сары майдың да түр-түрі сөреде самсап тұр. Көкөніс те мол. Өңірде әсіресе жұмыртқаға сұраныс жоғары. Бұл аймақты құс өнімдерімен Павлодар және Шарбақты аудандары қамтамасыз етеді. Осы екі ауданның құс фабрикалары әр жәрмеңкеге 36 мың данадай жұмыртқа әкеліп сатады.
Айбек Алдабергенов, Кенжекөл ауылының тұрғыны:
- Сүт алдық, жұмыртқа алдық, пияз алып жатырмыз, бәрі құдайға шүкір, аман-есен. Ұйымдастырған, сарайдың ішінде далаға шығып жаурап жатпайсың ары бері. Бәрі сарайдың ішінде рахат.
Әсемгүл Бектұрова, ауыл шаруашылығы басқармасының бөлім басшысы:
- Ауылшаруашылық жәрмеңкесі апта сайын өткізіледі. Бүгінгі күні осы фермерлік жайлау базарымыз ашылғаннан бастап алты жәрмеңке өткізілді 292 миллион теңге сомасында. Бүгінгі сенбілік күнге 4 аудан Успен, Павлодар, Тереңкөл, Аққулы аудандары қатысып жатыр және Павлодар қаласының ауыл аймақтарының тауар өндірушілері.