Қазақстан туризмді дамытудан үздік 50 ел қатарына кіруді көздейді
Қазақстан 2030 жылға дейін туризмді дамыту бойынша дүниежүзілік экономикалық форум рейтингісінде үздік 50 елдің қатарыну кіру керек.
Осы аралықта Ішкі туризмде демалушылар санын 11 млн адамға арттыру арқылы 800 мың адамды жұмыспен қамту көзделген. Шетелден келетін саяхатшылар қатарын 4 млн дейін көбейту жоспары тағы бар. Бұл жоспар Премьер-министрдің төрағалығымен өткен кеңесте айтылды. Жиында салаға қатысты Республиканың негізгі 10 демалыс аймағында инфрақұрылымды жаңғырту, сервисті жақсарту мәселелері қаралды. Сонымен қатар жаңа әуе бағыттарын ашу, туристік қызметті цифрландыру жұмысы да пысықталды. Әлихан Смайыловқа дене тәрбиесі мен спортты дамытудың алдағы бес жылдық жоспары да айтылды. Тұжырымдамада ауылдық жерлерде модульді жаттығу кешендерін салу жоспарланып отыр.