Биыл «ҚазМұнайГаз» 23 млн тонна мұнай өндіреді
Биыл «ҚазМұнайГаз» 23 млн тоннадан астам мұнай өндіруді жоспарлап отыр. Бұл туралы Мемлекет басшысының қабылдауында болған Мағзұм Мырзағалиев мәлімдеді.
Кездесуде компания көмірсутектерді өндіру, өңдеу және тасымалдау бойынша жоспарлаған межеге қол жеткізгені айтылды. Сондай-ақ, Өзен кен орнын оңалту мәселесі көтерілді. Бұл жобаның экономикалық қана емес, сондай-ақ әлеуметтік маңызы бар. Бұдан бөлек, Мағзұм Мырзағалиев компанияның геологиялық қорларын ұлғайту перспективалары туралы баяндады. Оның айтуынша, бүгінде перспективті жаңа жобаларға инвестиция белсенді түрде тартылып жатыр. Қасым-Жомарт Тоқаев инвестициялық жобаларды іске асыруға қатысты бірқатар тапсырма берді. Сондай-ақ қазақстандық мұнай өңдеу зауыттарының, әсіресе көктемгі егіс жұмыстары қарсаңында үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз ету қажеттігіне ерекше назар аударды.