Елімізде мұнай-газ саласында бизнеске қойылатын артық талаптар қысқарады
Еліміздің газ-мұнай саласында бизнеске қойылатын 800-ге жуық талап алынып тасталады. Бұл туралы Отандық кәсіпкерлер кеңесінің отырысында Премьер-министр Әлихан Смайылов мәлімдеді.
Оның айтуынша, электрондық аукциондарды өткізу тәртібін оңтайландыру, жер қойнауын пайдалануға беру рәсімдерін әлі де жеңілдету керек. Сонымен қатар нормативтік базаны жетілдіру шаралары жоспарланып отыр. Үкімет басшысы осылайша бизнеске жасалатын әкімшілік қысымды барынша төмендету керектігін атап өтті.