Елімізде локомотив өндірісі артады
Қазақстанда локомотив өндірісі ұлғаяды.
Премьер-Министр Әлихан Смайылов америкалық инвестор Гохан Байханмен кездесіп, осындай келісімге келді. Алдағы уақытта екіжақты серіктестікті нығайтып, машина жасау саласындағы жаңа жобалаларды жүзеге асыру жайы да талқыланды. Оның ішінде Еуропа мен Азия елдері арасындағы тауар айналымының артуына байланысты Транскаспий халықаралық көлік бағытын дамытудың әлеуеті басым. Ол үшін инфрақұрылымдық шектеулерді алып тастап, локомотивтер мен теңіз кемелерінің паркін ұлғайту қажет. Осыған байланысты инвестор биыл Астанадағы зауытқа қаржы салып, өндіріс көлемін екі есеге арттыруды жоспарлап отыр.