Атырау облысында күнделікті тұтынатын тамақ бағасына мониторинг жүргізіліп жатыр
Атырау облысында күнделікті тұтынатын 19 түрлі азық-түлік бағасына мониторинг жүргізіліп жатыр.
Сондай-ақ аймақтың тұрақтандыру қорында сақталған картоп, пияз, сәбіз, қырыққабат секілді өнімдер белгіленген бағада саудаланады. Әкімдік қосымша,,, астықты өңірлерден 620 мың тонна бірінші сұрыпты ұн алдырды. Бұл күнделікті тұтынатын тағам түрлерінің бағасын реттеуге арналған шара.
Қадырғали Тұрғанов, коммуналдық базар басшысы:
- 19 әлеуметтік маңызы бар тағамды қадағалап отырамыз. Енді базардың әкімшілігі тарапынан біздердегі көтерме тасымалдаушылар бар, басқа да кәсіпкерлер бар олардың әкелген азық-түлік өнімдеріне 10-15 пайыздан артық үстеме қоспауын қадағалап отырамыз. Апта сайын сенбі-жексенбі күндері жәрмеңке ұйымдастырып жатырмыз. Соған өз тарапымыздан ықпал етіп, олардың бағалары 15-20 пайыз төмен ұстап отырмыз.