Еліміздегі 175 кәсіпорын жалақыны уақытылы төлемеген
Еліміздегі 175 кәсіпорын қызметкерлерінің жалақысын уақытылы төлемеген.
Мемлекеттік инспекторлар жүргізген тексеріс нәтижесінде еңбекақы қарызы 1,7 миллиард теңгені құрағаны белгілі болды. Барлығы 10 мың жұмысшы ақшасын ала алмаған. Бұл кәсіпорындардың басшыларына 189 ұйғарым жіберіліп, сомасы 24,6 миллон теңге айыппұл салынды. Қабылданған шаралардың нәтижесінде 8 мыңға жуық адамның құқығы қорғалды. Оларға 1,3 миллиард теңге көлемінде қаражат төленді.
ГРАФИКА:
ҚАРЫЗЫ БАР КӘСІПОРЫНДАР 175
ҚАРЫЗ СОМАСЫ 1,7 МЛРД ТЕҢГЕ
АЙЫППҰЛ СОМАСЫ 24,6 МЛН ТЕҢГЕ
ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРГЕ ТӨЛЕНДІ 1,3 МЛРД ТЕҢГЕ