Инвестиция туралы қазақ тіліндегі кітаптың тұсаукесері өтті
Инвестиция қазақ тілінде.
Бүгін ұлттық академия кітапханасында қор нарығының жұмысы жайлы өзекті ақпараттар жазылған кітаптың тұсауы кесілді. Бұл еңбектің авторлары Ербол Азанбек, Бауыржан Шорманов және де Ерқанат Әбени. Кітапта үздік халықаралық тәжірибелер, толағай табысқа жеткен инвесторлардың сырлары мен авторлардың жеке тәжірибелері жинақталған. Туынды 2500 тиражбен шықты. Оның 1,5 мыңы университеттерге таратылса, қалғаны ұлттық академиялық кітапхананың қорын толықтырды.
Ғазиза Нұрғалиева, ҚР Ұлттық академиялық кітапхананың директоры:
- Инвестиция болсын, биржа, жалпы қаржы тақырыбы осы туралы кітаптар, материалдар біздің қорда өте аз. Әсіресе қазақ тілінде тапшы. 38 баппен ғана осы тақырыпта кітаптар бар екен. Бұл тақырып жалпы әлі толығуы керек, зерттелуі керек және оқырманға ұсынылуы керек.